«Қайрат» Польша құрамасының жартылай қорғаушысын сатып алды

18.01.2020, 02:41
«Қайрат» Польша құрамасының жартылай қорғаушысын сатып алды

Ол қазір Болгарияның «Лудогорец» командасында өнер көрсетеді.
Gol.bg порталы Польша құрамасының ойыншысы Яцек Гуральски "Қайрат" сапын толықтырды деп хабарлайды.

Қазір футболшымен арадағы келісім-шарт аяқталған. Трансфер құны 1 млн. еуроны құрапты. Айта кетейік, негізі Яцек 3 млн-ға бағаланған. Енді жақын күндері Алматы ұжымы бұл трансфер туралы ресми мәлімдемек.

Гуральски 2017 жылдан бері "Лудогорец" сапында ойнап, екі рет Болгария чемпионы атанған. "Лудогорец" бұл ойыншыны 1.5 млн. еуроға Польшаның "Ягеллония" клубынан сатып алыпты. Сонымен қатар, ол "Висла" (Плоцк), "Виктория" (Короново) и "Завиша" сынды ұжымдарда доп тепкен.

Польша құрамасы үшін 2016 жылдан бері шақыртылып келеді. Ресейдегі әлем чемпионатында 2 ойында алаңға шыққан. Ал Еуро-2020 іріктеу кезеңінде 4 матч өткізген.

Бұған дейін "Қайрат" "Жетісу" ойыншысы Камо Оганесянды қатарға қосқан.

Дегенмен қысқы үзіліс кезінде Сергей Политевич ("Шахтер", Солигорск), Елдос Ахметов ("Қайсар"), Исламбек Қуат ("Оренбург"), Георгий Жуков ("Висла", Краков), Мартон Эппель ("Серкль Брюгге"), Хан Чжон Ву ("Сувон"), Магомед Парагульгов, Бауыржан Исламхан мен Владимир Плотников клубтан кетті.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×