"Қайрат" қалды, "Ақтөбе" сенімді ақтамады

08.10.2018, 19:55
"Қайрат" қалды, "Ақтөбе" сенімді ақтамады
Футзалдан чемпиондар лигасының алғашқы топтық кезеңі өтті. Іріктеу айналымынан кейінгі топтық бәсекеге "Ақтөбе" мен алматылық "Қайрат" қатысты. Алматылық ұжым деңгейі жоғары саналатын а лигасында өнер көрсетсе, ақтөбе командасы б лигасында бақ сынады. А лигасының бір артықшылығы мұндағы командалар өз тобында соңғы орын алмаса болды, келесі кезеңге шығңады. Ал б лигасындағы командалардың тек топ жеңімпаздары ғана келесі айналымға шығады. Осылайша б лигасындағы 4 топтың төрт жеңімпазы ғана элиталық айналымға жолдама алады. Екі ойын жеңіп, үшіншісінде хорватиялық Новое вриемие командасына жеңіліп қалған ақтөбеліктер келесі айналымға өте алмады. Ал алматылық қайрат өз мақсатын алғашқы екі ойында-ақ орындап тастады. Тұсаукесер ойында Рикардо Кака шәкірттері жергілікті Феникс командасын 7-3 есебімен жеңді. Бұл матчта Тайнан төрт гол соғып, алматылықтарға сенімді жеңіс сыйлады. Косовоның Приштина қаласында өткен топтық кезеңнің екінші ойынында алматылық ұжым азулы спортингпен кездесті. 2011 жылы бұл екі команда алматыда кездесіп, португалиялық ұжым басым болған еді. Ал бұл жолы қазақстандық команда қарсыластан айласын асырды. Жаңадан алынған үш бразилиялық ойыншы командаға зор көмек көрсетті. Шабуылшы Джон Леннон алғашқыда ашыла алмай, командалық ойынға кіріге алмады. Есесіне Ранжел есімді ойыншы жойқын соққыларымен көзге түсті. Мысалға Ранжелдің бұрыштама кезінде жойқын соққымен Спортинг қақпасын дәл көздегені көрермен көзайымына айналған гол болды. Ал "Қайраттың" негігі ойыншыларының бірі Тайнан да шеберлігін шыңдай түскенін байқатты. Екі голға спортинг ойыншылары тек бір ғана голмен жауап қатты. Әйтпесе, одан өзге іліп алар қауіпті сәттер болмап еді. Ойынның барысы өте тартысты өткені соншалық, төрешілер тарапына талай мәрте сөз айтылды. Сондай оқиғаның бірінде "Қайрат" бапкері Рикардо Кака төрешіден қызыл қағаз алып, техникалық аймақтан аластатылды. Соның кесірінен ол келесі, үшінші ойында тек трибунадан тамашалады. Үшінші ойында Алматылық "Қайрат" белоруссияның "Лида" командасымен кездесті. "Қайратқа" бұл ойында тек жай ғана жеңіске жетіп, үш ұпай алса жеткілікті еді. "Спортингті" жеңген соң командамыз өте сенімді қимылдады. Әр тайм сайын үш голдан соққан қазақстандықтар 6-0 есебімен жеңіске жетті. Матчтың соңғы 4 минуттай уақытында алматылық қайрат түгел қазақ ойыншыларымен алаңға шықты. Димаш Сүлейменов пен Серік Жаманқұлов қорғанысты ұстаса, Біржан Оразов пен Дәурен Тұрсағұлов шабуыл шебіне шықты. Оларды алмастырып Шыңғыс Есенаманов пен Дәурен Нұрғожин секілді қазақ жігіттері тұрды. Енді 12-қазан күні жеребе тарту рәсімі өтіп, "Қайрат" элиталық айналымдағы қарсыластарын біледі. Ал ол ойындар қараша айында өтетіні белгілі.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×