«Қайрат» Қазақстан Кубогіндегі жорығын жеңіспен бастады

11.07.2021, 01:05
Алматылық клуб екінші құрамымен-ақ үш ұпайға қол жеткізді.
«Қайрат» Қазақстан Кубогіндегі жорығын жеңіспен бастады

"Жетісу" Қазақстан Кубогінің алғашқы турында "Қайратты" қабылдады. Матч Талдықорғандағы "Жетісу" стадионында өтіп, 0:1 есебімен алматылық клуб жеңіске жетті.

Ойындағы жалғыз әрі жеңісті гол небәрі 10-минутта соғылды. Данияр Үсеновтің пасын сәтті пайдаланған Андрей Ульшин қақпаға жерлете соққы жасап, есеп ашты.

Кирилл Кекер шәкірттері бұл жеңістен кейін өз тобында үш ұпаймен көш бастады. "Жетісу" төртінші орында қалды. Айта кетейік, Д тобында аталған кос командадан бөлек, "Каспий" мен "Тұран" клубтары ойнауда.

Алматылық клуб 7-тамыз күні Орталық стадионда "Жетісуға" қарсы жауапты матч өткізетін болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×