Қазақстан Кубогінің ширек финалында "Қайсар" мен "Қайрат" өзара мықтыны анықтады. Матч Қызылордадағы Ғани Мұратбаев атындағы стадионда өтіп, 0:2 есебімен аяқталды.
Кездесудің 76-минутында алаңға қосалқы құрамнан шыққан Вагнер Лав есеп ашты. Бұрыштамадан асырылған доп Нұралы Әліптің басына тиіп бразилиялық шабуылшының аяғына дөп келді. Ал Вагнер қақпаны көздеуде еш қателеспеді. Ойынның аяқталуына үш минут қалғанда Артур Шушеначев қақпашымен жеке-дара шығып, есепті еселеді.
Еске салайық, қос команда арасындағы алғашқы матч 3:0 есебімен аяқталған еді. Құрбан Бердыев шәкірттері келесі кезеңде "Астанаға" қарсы ойнайды
Біздің серіктес: FONBET