«Қайрат» Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысын сатуға дайын

22.12.2020, 15:47
Футболшы бұрынғы командасына қайта оралуы мүмкін.
«Қайрат» Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысын сатуға дайын

"Қайраттың" жартылай қорғаушысы Еркебұлан Тұңғышбаев келесі трансферлік терезеде командасын ауыстырғысы келеді. Бұл туралы алматылық клубтың басшысы Қайрат Боранбаев айтты.

"Біз оны жібергіміз келмейді, бірақ ол мұны өзі сұрады. Егер ол клуб тапса, біз оған қарсы емеспіз. Оның жарамды келісімшарты бар, сондықтан біз оны ақша төлеген клубқа ғана жібереміз", - деді Боранбаев.

Тұңғышбаев "Қайратқа" былтыр "Ордабасынан" ауысып келді. Екі маусымда ол алматылық клубта өз орнын ала алмады. Осы маусымда жартылай қорғаушы он матч өткізіп, екі нәтижелі пас берді.

Тұңғышбаев өзінің кәсіби мансабын бастаған "Ордабасыға" оралуы мүмкін. Transfermarkt порталы 25 жастағы футболшының құнын 500 мың еуроға бағалап отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×