«Қайрат» қазақстандық футболшылар үшін жалақының шекті мөлшерін белгіледі

28.02.2022, 14:57
Алматылық клуб өткен маусымның соңында көп жалақы талап еткен футболшылармен қоштасты.
«Қайрат» қазақстандық футболшылар үшін жалақының шекті мөлшерін белгіледі

«Қайрат» қазақстандық футболшыларының жалақысын айтарлықтай қысқартты. Бұл туралы Vest.kz сайтына берген сұхбатында алматылық клубтың президенті Қайрат Боранбаев айтты.

«Қазақстандық футболшылардың жалақысын қысқарттық, қазір шекті жалақы мөлшері - бір жарым миллион теңге. Жас футболшы келсе, бастапқыда 500 мың теңге алатын болады.

Қазақстандық футболшылар бұған дейін алған жалақыларына сәйкес келмейді деп есептеймін. Мұндай ақша үшін олар кем дегенде РПЛ-да ойнау керек еді. Біз маусым соңында бәрімен жақсы қоштастық. Кейбір ойыншылар көп табыс табуым керек деп ойлайды, бірақ біздің клубта қазақстандықтар үшін көп жалақы төленбейді.

Иә, бонус жүйесі бар. Мысалы, өткен жылы біз еурокубоктен төрт миллион еуро пайда таптық, бұл клуб бюджетінің 45 пайызын құрайды. Еурододада сәтті өнер көрсетсек, УЕФА-дан түсетін қаржының белгілі бір бөлігі ойыншыларға беріледі.

Жалақының әртүрлі болуы жергілікті ойыншылар мен шетелдік ойыншылар арасындағы қарым-қатынаста теңгерімсіздік тудырады ма? Жоқ. Біз легионерлермен бұған дейін келісім-шартқа отырып қойғанбыз, енді оның талаптарын орындауымыз керек. Жалпы, бұл қарым-қатынасқа ешқандай да әсер етпейді, өйткені барлығы легионерлердің деңгейі қазақстандық ойыншылардан жоғары екенін түсінеді.

Шушеначевке әлі ұсыныстар түсуде, бірақ бұрынғыдан нашар. Вороговский үшін жағдай басқаша, оның Бельгиядағы әрбір матчы үшін біз белгілі бір көлемде ақша аламыз, егер оның клубы жоғары дивизионға шықса, оған да арнайы төлемдер қарастырылған», - деді Қайрат Боранбаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×