«Қайрат» Құрбан Бердыевтің жалақысына қатысты мәлімдеме жасады

22.11.2021, 15:14
Бұған дейін Бердыевтің ең көп жалақы алатын бапкер екені хабарланған еді.
«Қайрат» Құрбан Бердыевтің жалақысына қатысты мәлімдеме жасады

Әртүрлі спорттық басылымдарда және басқа да әлеуметтік желілерде «Қайрат» ФК-ның бас бапкері Құрбан Бердыевтың жалақысы туралы ақпарат тараған болатын.

«Қайрат» футбол клубы ресми түрде бұл ақпараттың жалған екенін хабарлайды. Және де еңбек шартына байланысты маманның нақты жалақысы туралы ақпаратты жариялай алмайтынын жазды.

Айта кетейік, бұған дейін БАҚ беттерінде Бердыевтің жылдық жалақысы 600 мың долларды құрайтыны жайлы және оның Қазақстан чемпионатында ең көп жалақы алатын бапкер екені хабарланған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×