«Қайрат» қызығушылық танытқан бапкер «Тоттенхэмді» тізгіндеуі мүмкін

07.06.2021, 03:14
Бұл бапкерге сегіз клубтан ұсыныс түскен екен.
«Қайрат» қызығушылық танытқан бапкер «Тоттенхэмді» тізгіндеуі мүмкін

Украиналық жаттықтырушы Сергей Ребровтың агенті Шандор Варга "Тоттенхэм" клубының қызығушылығы туралы айтты.

"Тоттенхэмнің" қызығушылығы? Менің лондондық "Тоттенхэмнің" президенті Даниэль Левимен қарым-қатынасым өте жақсы. Ол Будапештте болғанда мен оған Сергейдің "Ференцварошта" өте жақсы жұмыс жасағанын айттым. Ол сол жерге келді, біз оның жұмысын бірнеше рет талқыладық. Сергейдің арабиялық клубты тізгіндеуі де мүмкін. Бізде кем дегенде сегіз ұсыныс бар", - деді Варга.

"Ференцвароштың" бас бапкері Сергей Ребров 4 маусым күні қызметінен кетті. Ребров Венгрия чемпионатының осы маусымдағы үздік бапкері атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×