«Қайрат» ресейлік футболшымен толықты

10.03.2022, 01:14
Футболшы ЦСКА клубына тиесілі еді.
«Қайрат» ресейлік футболшымен толықты

«Қайрат» футбол клубы мәскеулік ЦСКА ұжымының 19 жастағы жартылай қорғаушысы Антон Крачковскийді өз қатарына қосқанын хабарлады.

Антон алматылық клубпен 2023 жылдың соңына дейін келісім-шартқа отырды.

2021 жылдың жартысынан бастап Крачковский «Қайрат-Мәскеу» командасында жалдау шарты бойынша өнер көрсетті. Содан бері 23 матч өткізіп, 1 гол мен 5 нәтижелі пастың авторы атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×