«Қайрат» шабуылшысына әзірбайжандық клубтар көз тікті

14.11.2021, 00:24
Гвинеялық шабуылшы бұл елдің командаларына өзін көрсетіп үлгерді.
«Қайрат» шабуылшысына әзірбайжандық клубтар көз тікті

Қазақстандық «Қайраттың» шабуылшысы Хосе Кантеге Әзірбайжанның екі клубы қызығушылық танытуда, деп хабарлайды Azerisport.com сайты.

Басылымның хабарлауынша, гвинеялық шабуылшыға «Нефтчи» мен «Карабах» командалары көз тігіп отыр.

Айта кетейік, жақында 31 жастағы шабуылшы Конференция лигасының топтық кезеңіндегі екі матчта да (1:2, 1:2) «Карабах» қақпасына гол соққан болатын. Оның «Қайратпен» жарамды келісім-шарты бар, ол келесі жылдың желтоқсанында аяқталады.

Еске сала кетейік, Канте биыл наурыз айында «Қайратқа» ауысқан еді. Ол алматылық клуб сапында барлық турнирлерде 34 кездесу өткізіп, 16 гол соқты және 7 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×