«Қайрат» «Шахтермен» тең ойнап қалды

02.10.2020, 02:04
«Қайрат» чемпионатта бір-ақ рет жеңілді. Оның өзі дәл осы «Шахтерден».
«Қайрат» «Шахтермен» тең ойнап қалды

Алматылық "Қайрат" Премьер-лиганың 12-турында Қарағандылық "Шахтермен" тең түсті. Алматыдағы Орталық стадиондағы өткен матч 1-1 есебімен аяқталды.

Ойынның 64-минутында Вагнер Лав есеп ашты. Микановичтің ауттан асырған добы "Шахтер" қорғаушыларының қателігінен кейін Вагнерге келді. Лав еш қиындықсыз гол соқты. 82-минутта қосалқы құрамнан шыққан Айдос Тәттібаев таразы басын теңестірді. Бұл жолы жас қақпашы Устименко қателесті.

Алексей Шпилевский шәкірттері бұл ойыннан кейін 26 ұпаймен бірінші орында тұр. Ал "Шахтер" 16 ұпаймен алтыншы орынға көтерілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
×