Алматылық "Қайрат" Премьер-лиганың 8-тур ойынында "Қайсардан" басым түсті.
Матч Алматыдағы Орталық стадионда өтіп, 2-1 есебімен аяқталды.
"Қайсар" шабуылшысы Элгуджа Лобжанидзе 44-минутта командасын алға шығарған еді. Қосалқы құрамнан шыққан "Қайрат" ойыншысы Айбол Әбікен 71-минутта есепті теңестірді. Ал 92-минутта Адеринсола Эсеола гол соғып, жеңісті жұлып әкетті.
Бұл жеңістен кейін "Қайрат" көш бастауын жалғастыра бермек. Команда еншісінде 21 ұпай бар. Ал Қызылордалық команда 13 ұпаймен төртінші орында қала береді.
Біздің серіктес: FONBET