«Қайрат» сырт алаңда «Фола» командасын еш қиындықсыз жеңді

20.08.2021, 06:37
Алматылық клубтың ойыншылары қаншама мүмкіндікті құр жіберді.
«Қайрат» сырт алаңда «Фола» командасын еш қиындықсыз жеңді

Алматылық "Қайрат" Конференция лигасының плей-офф кезеңіндегі алғашқы матчта "Фола" командасын сенімді түрде жеңді. Люксембургтегі "Жози Бартель" стадионында өткен матч 1:4 есебімен аяқталды.

Ойырдағы алғашқы голды алаң иелері соқты. Босниялық футболшы Мирза Мустафич 18-минутта мергендігімен көзге түсті. Бірақ 28-минутта Артур Шушеначев Вагнер Лавтың пасынан кейін таразы басын тең қылды. 37-минутта керісінше, Вагнер Лав Артурдан пас алып, командасын алға шығарды. Алты минуттан кейін Рикарду Алвештің айып алаңының сыртынан бағыттаған соққысы қақпа торында тулады. Ойынның нүктесін 69-минутта Вагнер Лав қойды. Оның пенальтиден тепкен добын қақпашы қайтармақ түгілі, доптың ұшу бағытын дәл таба алмады.

Айта кетейік, жауапты матч 26 тамыз күні Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×