«Қайрат» таланты РПЛ клубына қаралымға барады

21.01.2023, 16:49
«Қайрат» таланты РПЛ клубына қаралымға барады


"Қайрат" ФК түлегі Ғалымжан Кенжебек "Краснодар" ойыншысы атанып кетуі мүмкін.

19 жастағы жартылай қорғаушы өткен маусымды "Мақтааралда" өткізген болатын. Ол Қазақстан чемпионатының 22 ойынына қатысып, 3 гол мен 2 голдық пас берген еді.

Ғалымжан Қазақстан ұлттық құрамасының U-17, 19 сапында өнер көрсетіп үлгерген. 

Жартылай қорғаушы мен 'Қайрат" арасында мерзімі бітпеген келісімшарт бар. 

Атап өтсек, "Краснодар" РПЛ бірінші бөлігін 8 орында аяқтады. Ендігі олар, наурыздың 5 күні "Торпедоға" қарсы өз алаңында кездесу өткізбек. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×