«Қайрат» «Тобылды» еш қиындықсыз жеңді

22.08.2020, 01:57
«Қайрат» «Тобылды» еш қиындықсыз жеңді

Алматылық «Қайрат» Қазақстан премьер-лигасының 5-ші тур матчында қостанайлық «Тобылдан» басым түсті.

Орталық стадиондағы ойын 3:1 есебімен аяқталды. «Қайрат» сапында Черногория құрамасының жартылай қорғаушысы Небойша Косович дубль жасады, ол алтыншы және 48-минутта Игорь Шацкийдің қақпасына айып добын керемет орындау арқылы көзге түсті. Одан бөлек, "Қайраттың" үшінші голын Раде Дугалич 16-минутта соқты. Екінші таймда «Тобыл» есепті қысқарта алды. Голдың авторы 66-минутта Армения жартылай қорғаушысы Петрос Аветисян болды.

75-минутта Косовичтің орнына Бразилияның бұрынғы шабуылшысы Вагнер Лав шыққан болатын, ол үшін бұл ойын ҚПЛ-да өткізген екінші матч болды.

15 ұпаймен «Қайрат» Премьер-лигада көш бастап келеді. Алматылықтар «Ордабасыдан» бес ұпай және «Астанадан» сегіз ұпай алда тұр, бірақ елордалық командадан үш матч көп ойнаған. Төрт ойыннан жеті ұпай жинаған «Тобыл» төртінші орында қала береді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×