«Қайрат» футбол клубы трансферлік терезеде жаңа ойыншыларды қатарға қоспай, келісім-шарты бар ойыншыларға бәс тігеді.
AlatauFans парақшасының хабарлауынша, алматылық клубтың трансферлік саясаты үш бағытта құрылған:
- «Қайрат» академиядан шыққан және командада қалған ойыншыларға сенім артады;
- Клуб тек шағын қаржылық шарттармен ойнауға келісетін еркін агенттерді қатарға қосуы мүмкін;
- Сондай-ақ «Қайрат-Мәскеу» командасының ойыншыларымен келісім-шарт жасасуы ықтимал.
Бұған дейін алматылық клуб Ресей жастар құрамасының бұрынғы ойыншысы Максим Карповтың қызметінен бас тартқан болатын.
Біздің серіктес: FONBET