«Қайрат» жаңа бас бапкер тағайындады

08.06.2022, 23:21
Бұл бапкер бұған дейін де «Қайратты» жаттықтырған.
«Қайрат» жаңа бас бапкер тағайындады

«Қайрат» футбол клубы бас бапкер қызметіне Кирилл Сергеевич Кекердің тағайындалғанын хабарлады. 

Кирилл Кекер – жас ойыншылармен жұмыс істеуде мол тәжірибеге ие «Қайрат» академиясындағы ең табысты мамандардың бірі. 

2019-дан 2020 жылға дейінгі маусымда Кирилл Сергеевич «Қайраттың» негізгі командасында бас бапкердің көмекшісі қызметінде болып, ел чемпионы атанды. 2021 жылғы маусымды Кирил Кекер «Қайрат Жастардың» бас бапкері статусында бастап, маусым айында «Қайрат» клубын тізгіндеді.

2022 жылдың қаңтарында Кекер «Қайрат Мәскеу» ФК бас жаттықтырушысы ретінде таныстырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×