«Қайрат» жастары УЕФА Жастар лигасының келесі кезеңіне өтті

21.10.2021, 00:40
Келесі кезеңде «Жилина» жастарымен ойнауы бек мүмкін.
«Қайрат» жастары УЕФА Жастар лигасының келесі кезеңіне өтті

«Қайрат» U19 УЕФА Жастар лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі жауапты ойында кипрлік АПОЭЛ командасын 1:0 есебімен ұтты.

Естеріңізде болса, Кипрде өткен алғашқы матч 1:1 есебімен аяқталған еді. Ал Алматыдағы Орталық стадионда өткен қарымта кездесуде Мирас Оматай жеңіс голын соғып, командасын келесі кезеңге шығарды.

«Қайрат» U19: Сұлтанбек Досаханов (В) – Арсен Азатов, Әділет Садыбеков, Александр Широбоков, Александр Мрынский – Мирас Көбеев, Сағи Әнет (К), Мирас Оматай (Жаннұр Көкеев 73) – Нұргелді Төлеуханов (Саиф Попов 73), Әліби Мұхит (Әлішер Рахымжанов 49), Арсений Мелешенко (Роман Чирков 90+3);

Кирилл Морунов шәкірттері келесі кезеңде ПАОК U19 - «Жилина» U19 жұбының жеңімпазымен шеберлік байқасады. Бұл командалар арасындағы алғашқы ойын 1:5 есебімен «Жилинаның» пайдасына шешілген еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×