«Қайрат» жауапты матчта да «Карабахтың» үш ұпай алып кетуіне мүмкіндік берді

05.11.2021, 04:21
«Қайраттың» арқасында әзірбайжандық клубқа өз тарихында алғаш рет еурокубоктің плей-офф кезеңіне жолдама алды.
«Қайрат» жауапты матчта да «Карабахтың» үш ұпай алып кетуіне мүмкіндік берді

"Қайрат" Конференция лигасының төртінші турында "Карабахпен" күш сынасты. Матч Алматыдағы Орталық стадионда өтіп, 1:2 есебімен әзірбайжандық клуб жеңіске жетті.

Ойынның бірінші бөлігінде алаң иелері басымдық танытты. Хосе Канте, Небойша Косович пен Вагнер Лавта гол соғатын керемет мүмкіндіктер болды. Доп бірде қақпа бағанына тисе, кейбір сәттерде қақпашы керемет сейвімен көзге түсті. Ал ойынның 58-минутында Ибраима Важди Покатиловпен жеке-дара шығып, алғашқы голды соқты. Он минуттан кейін Хосе Канте таразы басын теңестіріп еді. Бірақ 72-минутта Абделла Зубир допты Стастың үстінен асыра тастап, командасына жеңіс сыйлады.

Естеріңізде болса, Бакуде өткен алғашқы ойын да дәл осындай есеппен аяқталған еді. Қос матчта да жеңіліс тапқан Құрбан Бердыев шәкірттері топтан шығу мүмкіндігінен айырылды. Ал әзірбайжандық клуб тарихында алғаш рет еурокубоктің плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×