Алматылық «Қайрат» 33 жастағы сербиялық жартылай қорғаушы Зоран Тошичпен келіссөздер жүргізуі мүмкін, деп хабарлайды KazFootball.kz.
«Спорт-Экспресс» порталының хабарлауынша, Тошич өнер көрсететін қытайлық «Тайчжоу Юаньда» клубы қаржылық мәселелерге байланысты ресми түрде таратылды. Клуб таратылғаннан кейін барлық ойыншылар еркін агент мәртебесін алды.
«Манчестер Юнайтед» пен ЦСКА-ның бұрынғы ойыншысы қытайлық клубта 2020 жылдың ақпанынан бастап ойнады, 10 матч өткізіп, 3 гол соқты.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы маусымаралық үзіліс кезінде алматылық «Қайрат» Тошичпен келіссөздер жүргізген, бірақ трансфер Қазақстан чемпионатының ережелеріне енгізілген жас шектеулеріне байланысты жүзеге аспады. Алматылық клубтың басшысы Қайрат Боранбаев қытайлық клубпен келісім-шарты аяқталғаннан кейін Тошичпен келіссөздер жүргізетінін айтқан болатын.
Біздің серіктес: FONBET