Украиналық маман Сергей Ребров "Аль-Айн" командасының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.
Жақында Ребров үш рет Венгрия чемпионы болған, сондай-ақ Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының топтық кезеңінде өнер көрсеткен "Ференцварош" клубынан кеткен болатын. Ал бүгін қазақстандық Бауыржан Исламхан 2020 жылдың қаңтарынан бастап ойнаған "Аль-Айн" клубын тізгіндеді.
Сол жылдың желтоқсан айында Исламхан тыйым салынған затты қолданғаны үшін екі жылға футболдан шеттетілді. Бұған дейін Ребров "Қайраттың" бас бапкері қызметіне басты үміткерлердің бірі ретінде қарастырылған болатын.