«Қайратқа» жаңа ойыншы келді

17.06.2011, 05:32
«Қайратқа» жаңа ойыншы келді

Жақында ғана жаңа бапкерге ие болған алматылық «Қайратқа» жаңа ойыншы келді.26 жасар жартылай қорғаушы Алексей Шакин енді қазақтың бетке ұстар командасын қалпына келтіру үшін күш-жігерін салатын болады. Шакин қазақ жанкүйерлеріне «Восток» сапында жасындай жарқылдаған кезімен таныс.Алматылық ЦСКА-ның түлегі сондай-ақ «Атырау», «Ертіс» құрамында өз өнерін көрсетіп баққан.2009 жылы «Атыраумен» Қазақстан Кубогіне қол жеткізген Алексей сол жетістігін «Қайратпен» қайталауға тырысады.Ол қолынан келе ме, келмей ме, оны уақыт көрсетеді.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×