“Қайраттан” қашқан күн…

05.06.2011, 19:03
“Қайраттан” қашқан күн…
Қай күні екені есімде жоқ…әйтеуір Орталық стадионда “Қайрат” пен “Ақтөбе” ойнаған күні … футбол көруге бардық. Әйгілі футбол фанаты – Ақырыс , поэзия перісі (өзінің айтуынша – футбол сарапшысы да екен) – Жақсылық, сосын футболдың иісі мұрынына баратын-бармайтынын тошна білмеймін, яғни Аршын,сосын мен, төртеуміз көзіміз бақырайып отырмыз, ең жоғарғы қабатта. Ақырыстан басқамыз, ілініп-салынып 6-дан өте жеттік стадионға.
Ақырыс “Ақтөбенің” жан-күйері болған соң, үшеуміз Ақтөбелік команданың фанаттарының қасында отырмыз. Құрсееен, айғай-шу, барабанның дүрсілі, дұрыс тебе алмағанды “әке-шешесінен түгелдеу”, жақсы ойнағанға марапат айту, әйтеуір бәрі қалып жатқан жоқ . Сөөөйтсек, әлгі Жақсылық қаптаған “Ақтөбенің” ортасында отырып алып, “Қайраттың” ойынына сүйсініп болатын емес. Аршын екеуміз “Әй, Жәке қоя қойсайшы енді, сәл-пәл жан-жағыңа қарап қойсаңшы” дейміз сыбырлап. Оған болатын Жақсылық емес. “Ақтөбенің” қорғаушыларын жерден алып, жерге салып, Сүймағамбетовтың (“Қайраттың” ойыншысы) әлі күнге ұлттық құраманың есігінен сығалай алмағанына күрсініп-күрсініп алады қайта-қайта. Рас ғой енді, тебініп тұрған жанкүйерлерден бәрін күтуге болады. Өздері онсыз да ұтылып, салылары суға кетіп тұрған кезде, ортасында от тастап отырған “шпион” бар екенін білсе,
трибунаның артқы жағы аласапыран болып кетуі де кәдік еді.
Сүймағамбетов осы
Сонымен, негізгі айтқалы отырған әңгімеме көшейін. Ойын біз ойламаған есеппен аяқталды: 3:0. “Қайраттың” пайдасына. 90 минут бойы тікесінен тік тұрып қолдау көрсеткен “Ақтөбе” жанкүйерлерінің ( біздің алдымызға десең ба  ) алдына келіп, Самат Смақовтың өзі рахметін білдіріп кетті. Стадион күзетшілері алдымен Алматылық команданың жанкүйерлерін шығарды. Сосын бізді, яғни “Ақтөбелік” команданың қолдаушыларын Сәтбаев жағынан қайтарды. Сооодан, төртеуміз әңгімені сапырып, Сәтбаев көшесімен төмен қарай түсіп келе жатырмыз.
Жалғыз, біз емес, барлық “Ақтөбенің” жанкүйерлері бар. Кенет, алдымыздан екі-үш орыс жігіті (тошна ішіп алған) атып шығып “Ақтөбееее,иди сюдаааа!!!” деп айғайлап, жын ұрғандай бізге жүгірді дейсің. Әп-сәтте не болғанын білмей, абдырап қалдық енді   Әлгі қағып кеткен, қолындағы сыраның бөтелкесін бізге қарай жіберді дейсің, абырой болғанда әлгі “снаряды” ешкімге тиген жоқ. Жаңағы екі-үш орыстың ізінен, 20-30 шақты талпа шыға келді, көзімізді банка қылып. Қооой,күлмеңіз, сол жерде сіз болсаңызда қашасыз  Әлгілердің арасында қалып кетуді елестетудің өзі қорқынышты расымен. Барлығымыз, тапырлап жоғары қарай қаштық содан. Енді Ақырыс біз сияқты жүгіре алмайды ғой. Аршын, Жақсылық үшеуміз артымызға қарайлап, Ақырыстың қасына аялдаймыз, қайта алға кетеміз, қайтадан аялдаймыз  Кенет, Ақырыс тоқтап қалды, бірақ әлгі “жоңғарлар” оған көзінің қырын да салған жоқ). Енді үшеуміз газды бастық. Бір қарасам, Жақсылық та, Аршын да жоқ. Әйтеуір, көппен бірге жүріп жолдың арғы бетіне өттім. Көк спортивка киіп, ту түстес болып жүрген Аршын арғы бетте ентігін баса алмай тұр екен. Ақырысқа телефон шалсақ, таксиге мініп кетіпті. Көңілімізді бірледікте, енді екеуміз Жақсылықты іздеуге кірістік. “Қайран, Жәке-ай, “жау” қолына түсіп қалып, өлең оқып отырған жоқ па екен” деп  . Сөйтсек, Жақсылығымыз әлгі “жоңғарлардан” құтылу үшін, келесі беттегі аялдамаға жетіп барып, автобус “күтіп” отыра қалыпты   Әй, бір осылай қызық оқиға орын алды. Үшеуміз жатақханаға дейін жаяу бардық. Әлгі футбол, қала берді футболдан кейінгі “спектакль” туралы әңгімеміз түгесілмеді. Айтпақшы, артынша “Ақтөбенің” фанаттары естерін жиып, “Қайраттықтардың” шапкәсін қайырып тастапты дееп естідім. Бұрындары, жеңілген команданың жанкүйерлері қызуқандылыққа салынады дегенді жиі еститінмін, көгілдір экраннан көретінмін де. Тірілей көруім осы. Бірақ, бұл айқастың пошымы басқа ғой. Сүйкімді сөзіміз бар еді ғой…қандай ед…аа “не в тему” бұл жолы жеңген команданың қолдаушылары понтаваться етіп шыққаны қызық екен. Бірақ, ішкен адамға ерегіс болса болды емес пе. Маңыздылығы құнды емес, бұл матчтың соңы осындай ерегіске ұласса,кешегі “Уэмблидегі” жұрттың сыртқа шығу, үйлеріне тыныш тарқау процесі қанша сағатқа созылды екен?…
Қай күні екені есімде жоқ…әйтеуір Орталық стадионда “Қайрат” пен “Ақтөбе” ойнаған күні … футбол көруге бардық. Әйгілі футбол фанаты – Ақырыс , поэзия перісі (өзінің айтуынша – футбол сарапшысы да екен) – Жақсылық, сосын футболдың иісі мұрынына баратын-бармайтынын тошна білмеймін, яғни Аршын,сосын мен, төртеуміз көзіміз бақырайып отырмыз, ең жоғарғы қабатта. Ақырыстан басқамыз, ілініп-салынып 6-дан өте жеттік стадионға. Ақырыс “Ақтөбенің” жан-күйері болған соң, үшеуміз Ақтөбелік команданың фанаттарының қасында отырмыз. Құрсееен, айғай-шу, барабанның дүрсілі, дұрыс тебе алмағанды “әке-шешесінен түгелдеу”, жақсы ойнағанға марапат айту, әйтеуір бәрі қалып жатқан жоқ . Сөөөйтсек, әлгі Жақсылық қаптаған “Ақтөбенің” ортасында отырып алып, “Қайраттың” ойынына сүйсініп болатын емес. Аршын екеуміз “Әй, Жәке қоя қойсайшы енді, сәл-пәл жан-жағыңа қарап қойсаңшы” дейміз сыбырлап. Оған болатын Жақсылық емес. “Ақтөбенің” қорғаушыларын жерден алып, жерге салып, Сүймағамбетовтың (“Қайраттың” ойыншысы) әлі күнге ұлттық құраманың есігінен сығалай алмағанына күрсініп-күрсініп алады қайта-қайта. Рас ғой енді, тебініп тұрған жанкүйерлерден бәрін күтуге болады. Өздері онсыз да ұтылып, салылары суға кетіп тұрған кезде, ортасында от тастап отырған “шпион” бар екенін білсе, трибунаның артқы жағы аласапыран болып кетуі де кәдік еді. Сүймағамбетов осы Сонымен, негізгі айтқалы отырған әңгімеме көшейін. Ойын біз ойламаған есеппен аяқталды: 3:0. “Қайраттың” пайдасына. 90 минут бойы тікесінен тік тұрып қолдау көрсеткен “Ақтөбе” жанкүйерлерінің ( біздің алдымызға десең ба  ) алдына келіп, Самат Смақовтың өзі рахметін білдіріп кетті. Стадион күзетшілері алдымен Алматылық команданың жанкүйерлерін шығарды. Сосын бізді, яғни “Ақтөбелік” команданың қолдаушыларын Сәтбаев жағынан қайтарды. Сооодан, төртеуміз әңгімені сапырып, Сәтбаев көшесімен төмен қарай түсіп келе жатырмыз. Жалғыз, біз емес, барлық “Ақтөбенің” жанкүйерлері бар. Кенет, алдымыздан екі-үш орыс жігіті (тошна ішіп алған) атып шығып “Ақтөбееее,иди сюдаааа!!!” деп айғайлап, жын ұрғандай бізге жүгірді дейсің. Әп-сәтте не болғанын білмей, абдырап қалдық енді   Әлгі қағып кеткен, қолындағы сыраның бөтелкесін бізге қарай жіберді дейсің, абырой болғанда әлгі “снаряды” ешкімге тиген жоқ. Жаңағы екі-үш орыстың ізінен, 20-30 шақты талпа шыға келді, көзімізді банка қылып. Қооой,күлмеңіз, сол жерде сіз болсаңызда қашасыз  Әлгілердің арасында қалып кетуді елестетудің өзі қорқынышты расымен. Барлығымыз, тапырлап жоғары қарай қаштық содан. Енді Ақырыс біз сияқты жүгіре алмайды ғой. Аршын, Жақсылық үшеуміз артымызға қарайлап, Ақырыстың қасына аялдаймыз, қайта алға кетеміз, қайтадан аялдаймыз  Кенет, Ақырыс тоқтап қалды, бірақ әлгі “жоңғарлар” оған көзінің қырын да салған жоқ). Енді үшеуміз газды бастық. Бір қарасам, Жақсылық та, Аршын да жоқ. Әйтеуір, көппен бірге жүріп жолдың арғы бетіне өттім. Көк спортивка киіп, ту түстес болып жүрген Аршын арғы бетте ентігін баса алмай тұр екен. Ақырысқа телефон шалсақ, таксиге мініп кетіпті. Көңілімізді бірледікте, енді екеуміз Жақсылықты іздеуге кірістік. “Қайран, Жәке-ай, “жау” қолына түсіп қалып, өлең оқып отырған жоқ па екен” деп  . Сөйтсек, Жақсылығымыз әлгі “жоңғарлардан” құтылу үшін, келесі беттегі аялдамаға жетіп барып, автобус “күтіп” отыра қалыпты   Әй, бір осылай қызық оқиға орын алды. Үшеуміз жатақханаға дейін жаяу бардық. Әлгі футбол, қала берді футболдан кейінгі “спектакль” туралы әңгімеміз түгесілмеді. Айтпақшы, артынша “Ақтөбенің” фанаттары естерін жиып, “Қайраттықтардың” шапкәсін қайырып тастапты дееп естідім. Бұрындары, жеңілген команданың жанкүйерлері қызуқандылыққа салынады дегенді жиі еститінмін, көгілдір экраннан көретінмін де. Тірілей көруім осы. Бірақ, бұл айқастың пошымы басқа ғой. Сүйкімді сөзіміз бар еді ғой…қандай ед…аа “не в тему” бұл жолы жеңген команданың қолдаушылары понтаваться етіп шыққаны қызық екен. Бірақ, ішкен адамға ерегіс болса болды емес пе. Маңыздылығы құнды емес, бұл матчтың соңы осындай ерегіске ұласса,кешегі “Уэмблидегі” жұрттың сыртқа шығу, үйлеріне тыныш тарқау процесі қанша сағатқа созылды екен?…
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Алдыңғы жаңалық
Румыниядан 1 ұпай
Келесі жаңалық
Турнир кестесі
×