"Қайраттың" бас бапкері ауысты

07.06.2012, 06:42
"Қайраттың" бас бапкері ауысты

Жаңа бапкер тағайындалғаны дұрыс та шығар. Бірақ, ешкімге белгісіз, тағы да бір жұмбақ жан. Қазақстан футболынан хабары аздау адамның ел футболының мақтанышына баланған клубты жаттықтыруға келгенін өз басым құптамаймын. Бірақ, менен сұрап жатқан кім бар? Жалпы, бізден, жанкүйерлерден клубтың тағдырына күйініп, жанашырлық танытып, ойынын көріге стадионға баратын халықтың пікірін бұл күнде кім сұрап жатыр дейсіз?!

Өткен жылы да тура осындай жағдай қайталанған болатын. Джон Грегорги де келіп кеткен етін. Түк бітірмегенімен қоса, жарты миллион долларды қалтаға басып кеткен. Енді Испаниядан келген Хосе Серес не қатыратынын көрейік. Менің ойымша өткен жылғы оқиға қайталанады. Ел футболының иісі мұрынына бармайтын испан азаматының еш айыбы жоқ. Оны шақыртып отырған басшылық. Енді сол азаматтардың біріншілік соңында қандай баға беретінін көрелік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×