Баймуханов Марат Бүркітұлы «Қайрат» ФК-ның бас директоры қызметінен босатылып, бақылау кеңесінің мүшесі болып бекітілді.
2015 жылы Марат Бүркітұлы негізгі команданың басшысы қызметіне келіп, сол уақыттан бері нәтижелі жұмыс атқарып келеді. Әкімшілік-шаруашылық істері департаментінің басшысы және клубтың бас директоры қызметінде де болған.
2020 жылғы чемпиондық маусымда Марат Бүркітұлы Қазақстан Республикасының біріншілігіне қатысатын клуб басшыларының дауыс беру нәтижесі бойынша, Қазақстан Премьер-лигасының сол жылғы үздік менеджері атанды.
Марат Бүркітұлы 2022 жылдың 1-ақпанынан бастап бақылау кеңесінің мүшесі ретінде еңбек ететін болады.
Біздің серіктес: FONBET