«Қайраттың» екі ойыншысы жаттығуға қайта оралды

10.08.2021, 00:09
Екі ойыншы да командамен бірге Арменияға аттануы мүмкін.
«Қайраттың» екі ойыншысы жаттығуға қайта оралды

"Қайраттың" қорғаушысы Маки Баньяк пен шабуылшы Хосе Канте командалық жаттығуға қайта оралды.

Чемпиондар Лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі "Црвена Звездаға" қарсы (0:5) жауапты матч алдында екі ойыншыдан да коронавирустың белгілері байқалған еді.

Содан бері Маки Баньяк пен Хосе Канте "Қайраттың" бес ойынына қатыса алмады, оның ішінде Еуропа Лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі "Алашкертпен" болған ойынды (0:0) да жіберіп алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×