«Қайраттың» экс-ойыншысы «Ақсуға» ауысады

24.01.2022, 18:02
Тәжірибелі футболшы өткен жылдың соңында келісім-шарт мерзімінің аяқталуына байланысты «Шахтерден» кеткен болатын.
«Қайраттың» экс-ойыншысы «Ақсуға» ауысады

Ресейлік жартылай қорғаушы Михаил Бакаев Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан «Ақсу» клубына келіп қосылды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Тәжірибелі футболшы өткен жылдың соңында келісім-шарт мерзімінің аяқталуына байланысты «Шахтерден» кеткен болатын.

Ал оған дейін Бакаев төрт жарым жыл бойы «Қайраттың» намысын қорғады.

Ресейлік футболшының қазақстандық төлқұжаты бар, сондықтан Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізіміне енгізілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×