«Қайраттың» экс-ойыншысы УПЛ қайта оралды

20.01.2023, 17:14
«Қайраттың» экс-ойыншысы УПЛ қайта оралды


"Львов" ФК шабуылшы Хабиб Эсеоламен келісімге келгенін жария етті.

Ойыншы клубқа еркін агент ретінде қосылды. Ол бұл ұжымда 18 нөмірмен өнер көрсетеді.

Хабиб Украинада "Львовтан" басқа, "Десна", "Александрия", "Арсенал", "Ворскла" командаларында бақ сынаған.

Полтава клубында футболшы бапкер Юрий Максимовичпен ерегесіп қалған болатын. Маман Эсеоланы тәртіпсіз, айтқан тапсырмаларды орындамайтын футболшы ретінде пікір айтып еді. Осыдан кейін, шабуылшы "Ворсклада" ұзақ аялдамады. Небәрі жарты маусым. Қысқы трансферлік ауысымда Хабиб қарасын батырды.

Эсеоланың соңғы доп тепкен командасы "Хебыр" етін. Ол бұл ұжым үшін 15 ойын өткізді. Бірақ, нәтижелілігімен көзге түспеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×