«Қайраттың» экс-қорғаушысы бірқатар ҚПЛ клубтарының назарына ілікті

10.12.2020, 01:50
Қорғаушы дәл қазір клубсыз жүр.
«Қайраттың» экс-қорғаушысы бірқатар ҚПЛ клубтарының назарына ілікті

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, алматылық "Қайраттан" кеткен қорғаушы Нұрлан Даиров жақын арада жаңа клубқа ауысу туралы шешім қабылдайды.

25 жастағы футболшыға қарағандылық "Шахтер" мен "Тараз" қызығушылық танытып отыр. Сондай-ақ жазда "Оқжетпес" Даировты тағы да жалға алуды жоспарлаған еді.

Әмбебап қорғаушының "Қайратпен" келісімшарты аяқталды. Өткен жылы "Оқжетпестің" құрамында Даиров лиганың ең жақсы қорғаушыларының біріне айналған болатын және керемет ойыны арқылы Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар штабының назарын аударды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×