«Қайраттың» Еуропа Лигасының плей-офф кезеңіндегі қарсыласы анықталды

02.08.2021, 22:21
Плей-офф кезеңінде адуынды қарсыласпен күш сынасатын боламыз.
«Қайраттың» Еуропа Лигасының плей-офф кезеңіндегі қарсыласы анықталды

Бүгін Ньонда Еуропа Лигасының плей-офф кезеңінің жеребесі тартылды.

Егер «Қайрат» армениялық «Алашкертті» жеңсе, Еуропа Лигасының плей-офф кезеңінде «Мальмё» (Швеция) - «Рейнджерс» (Шотландия) жұбындағы жеңілген командамен ойнайды. Бұл екі команданың Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңінде ойнап жатқанын да айта кетейік.

Алғашқы матч 19 тамызда сырт алаңда өтеді. Қарымта кездесу 26 тамызда Алматының Орталық стадионында өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×