«Қайраттың» Израильге аттанған ойыншылар тізімі белгілі болды

05.07.2021, 16:52
Кездесу 7 шілде күні өтетін болады.
«Қайраттың» Израильге аттанған ойыншылар тізімі белгілі болды

«Қайраттың» ойыншылары мен жаттықтырушылар құрамы Израильге аттанды. Алматылық клуб Чемпиондар Лигасының бірінші іріктеу кезеңінде «Маккаби Хайфа» клубына қарсы ойнайтын болады.

«Қайраттың» Израильге аттанған ойыншылар тізімі:

Қақпашылар: Стас Покатилов, Данил Устименко, Темірлан Анарбеков;

Қорғаушылар: Гафуржан Сүйімбаев, Нуралы Әліп, Раде Дугалич, Денис Поляков, Сергей Кейлер, Дино Миканович, Камо Оганесян;

Жартылай қорғаушылар: Арсен Буранчиев, Данияр Үсенов, Небойша Косович, Айбол Әбікен, Сұлтанбек Астанов, Андрей Ульшин, Еркебұлан Сейдахмет, Гүлжігіт Алықұлов;

Шабуылшылар: Хосе Канте, Вагнер Лав, Артур Шушеначев;

Бас жаттықтырушының міндетін атқарушы: Кирилл Кекер.

Еске салайық, кездесу 7 шілдеде Хайфадағы «Самми Офер» стадионында өтеді. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 23:00-де басталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×