Люксембургтік «Фола» Конференция лигасының плей-офф кезеңіндегі «Қайратпен» болатын матч алдында тығыз кестеге байланысты көптеген мәселелерге тап болды, деп хабарлайды Le Quotidien басылымы.
«Фола» Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңінде «Линфилдті» өз алаңында жеңді (жалпы есеп - 3:1) және плей-офф кезеңіне өтті, онда олар алматылық «Қайратпен» кездеседі.
Матч аяқталған соң, ойыншылардың бірі: «Біз 7 жарым сағат бойы ұшамыз, ал Қазақстан мен бізде 5 сағаттық уақыт айырмашылығы болады», - деп айтқан екен.
«Шындығында, бізді әсіресе «Қайратпен» болатын сырт алаңдағы қарымта матчтан 2 күн өткен соң өтетін «Виктория Роспортқа» қарсы матч алаңдатады. Біз УЕФА ережелерін құрметтейміз, бірақ бұл матчтың қалай өтетінін елестету қиын», - деді «Фоланың» спорттық директоры Паскаль Велтер.
Дереккөздің хабарлауынша, «Фола» Люксембург футбол федерациясына «Дифферданжға» (22 тамыз) және «Виктория Роспортқа» (29 тамыз) қарсы матчтарды кейінге қалдыру туралы өтініш жасайды.
Біздің серіктес: FONBET