«Қайраттың» көшбасшысы Қазақстан Президентінен алғыс хат алды

18.01.2023, 15:09
«Қайраттың» көшбасшысы Қазақстан Президентінен алғыс хат алды


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қайрат" футзал клубының ойыншысы Біржан Оразовты алғыс хатпен мадақтады.


Ел басшысының хатын Қазақстан футзал Қауымдастығының президенті Төлеуғали Тайтулеев табыстады. 


28 жастағы Оразов "Қайрат" сапында 2017 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Оның мансабында "Жетісу" және "Ұшқын-Искра" командалары болған.


Алматылық ұжыммен ол, Қазақстан Кубогі мен Суперкубогін жеңген еді.


Ал Қазақстан ұлттық құрамасымен болса, Біржан Еуро-2022 үздік сұрмергені атанған болатын.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×