«Қайраттың» 29 жастағы польшалық жартылай қорғаушысы Яцек Гуральский жалпы командалық жаттығуларға оралды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.
«Біз сені қайта көргенімізге қуаныштымыз, Яцек», - деп жазылған клубтың хабарламасында.
Бүгін «Қайрат» сырт алаңда «Ақтөбемен» кездеседі. Ал польшалық футболшы командамен бірге Қобыланды батыр стадионында ойыналды жаттығуға қатысты.
Естеріңізге сала кетейік, Гуральский ақпан айында ауыр жарақат алған болатын. Ойыншы маусымның көп бөлігін жібеоіп алды және Еуропа чемпионатында Польша құрамасына көмектесе алмады.
Біздің серіктес: FONBET