«Қайраттың» қарсыласы матч алдындағы жаттығуын балаларға арналған ойын алаңқайында өткізді

21.07.2022, 16:04
Венгриялық клуб кешкі жаттығуын Орталық стадионда өткізіпті.
«Қайраттың» қарсыласы матч алдындағы жаттығуын балаларға арналған ойын алаңқайында өткізді

Венгриялық «Кишварда» матч алдындағы жаттығу жұмыстарын Алматы аулаларының бірінде өткізді.

«Кишварда» ойыншылары кеше күндіз тұрғын үй ауласында, ал кешке Орталық стадионда матч алдындағы жаттығу жиынын өткізген.

Еске салайық, «Қайрат» пен «Кишварда» арасындағы УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойын бүгін, 21 шілдеде Алматыда жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×