Мәскеулік «Қайрат» клубына былтыр ҚПЛ-да өнер көрсеткен бірнеше ойыншы аттануы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
«Қайраттағы» жас ойыншылар маусымның көктемгі бөлігінде мәскеулік клубқа көмектесу үшін Ресейге кетеді деп күтілуде.
Атап айтқанда, «Қайрат-Мәскеу» командасына Еркебұлан Сейдахмет, Андрей Ульшин, Адам Адахаджиев және Арсен Буранчиев қосылуы мүмкін. Бұл ойыншылардың барлығын мәскеулік «Қайраттың» жаңа бас бапкері Кирилл Кекер жақсы біледі. Бұл ретте Ресейде доп тепкен Лев Кургин, Егор Ткаченко және Вячеслав Швырев алматылық клубқа қайта оралуы ықтимал.
Қазір «Қайрат» ойыншылары Алматыдағы базада жаттығуда. Негізгі команда осы аптаның соңында Түркияға аттанады.
Біздің серіктес: FONBET