«Қайраттың» жас ойыншысы ресейлік клубқа ауысты

01.07.2022, 22:30
Алматылық клуб футболшыны жалға берді.
«Қайраттың» жас ойыншысы ресейлік клубқа ауысты

Алматылық «Қайрат» 20 жастағы шабуылшы Байжан Мәделханның ресейлік «Муром» клубына кеткенін хабарлады.

Жалдау мерзімі келесі жазға дейін есептелген, бірақ алматылықтар қысқы трансфер кезінде ойыншыны қайтарып алуға құқылы.

Мәделхан - «Қайраттың» түлегі. Соңғы бір жыл бойы Ресейдің үшінші дивизионындағы «Қайрат-Мәскеу» сапында өнер көрсетті (34 матч, 5 гол, 3 нәтижелі пас).

Маусым айының ортасында Байжан «Қайраттың» негізгі командасымен екі жылдық келісім-шартқа отырған еді.

«Муром» футбол клубы ФНЛ-2-нің соңғы маусымында «Қайрат-Мәскеуден» бір сатыға озып, турнирлік кестеде төртінші орын алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×