Қайратың қайда, «Қайрат»?

22.08.2015, 14:14
Қайратың қайда, «Қайрат»?
Алматылық «Қайрат» Еуропа Лигасы плей-офф турының франциялық «Бордоға» қарсы алғашқы ойынында минималді есеппен жеңілді. «Нуво Стад де Бордо» стадионында өткен кездесу 1:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. Алаң иелері бірінші минуттан бастап ойынды өз қолдарына алып, қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырмады. Бұл ұстанған тактикалары матчтың орта тұсында өз жемістерін берді. 27-ші минутта есеп ашылды. Алматылық қорғаушылардың қателігін ұтымды пайдаланған Вахби Хазри Плотников қорғаған қақпаның алыс бұрышына шіреніп тұрып тепті. Ойынның бірінші бөлігі аяқталғанға дейін бордолықтар бірнеше рет біздің қақпаға қауіп төндірді. Оның бірінде доп қақпа бағанасынан серпілсе, кейде Плотников мықтылық танытты. Екінші тайм бастала салысымен қонақтар шабуылды жиілетті. Сондай сәттердің бірінде Жерар Гоу қарымта шабуылды ұйымдастырып, Сито Риераға пас шығарған еді. Алайда испаниялықтың тепкен добы қиыс кетті. Осыдан соң Исаэль айып соққысын орындады. Бағыттаған соққысы қақпаның сытқы торын бүлк еткізді. Кездесудің соңына таман ойын қарқыны сәл бәсеңдеді. Нәтижесінде, жирондықтар өз алаңдарында жеңіске жетті. Бірақ барлық мәселе Алматыда өтетін қарымта матчта шешілмек. Футбол. Еуропа Лигасы. Плей-офф. Алғашқы матч. «Бордо» (Франция) — «Қайрат» (Алматы) 1:0 (1:0) Гол: Хазри 27 (1:0) 20.08.2015. Бордо қ., «Нуво Стад де Бордо» стадионы. 24 795 жанкүйер.   Аламан.кз
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×