«Қайсар» африкалық шабуылшымен келісім-шартқа отырды

16.08.2021, 19:40
23 жастағы шабуылшыныі бойы 194 сантиметрді құрайды екен.
«Қайсар» африкалық шабуылшымен келісім-шартқа отырды

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, Бурунди елінің ұзын бойлы шабуылшысы Бонфиль-Калеб Бименьимана "Қайсар" командасына қосылады.

Африкалық футболшы 2019 жылы Латвияның РФШ клубымен келісім-шарт жасасып, Еуропаға қоныс аударды. Содан бері Бименьимана литвалық "Атланта", словакиялық "Погронье" сапында ойнап үлгерді және РФШ командасына қайта оралды. 23 жастағы шабуылшы Бурунди ұлттық құрамасы үшін 13 ойынға қатысып, бір гол соққан.

"Қасқырлар" ұзақ уақыт бойы дәл осындай ұзын бойлы (194 сантиметр), жас және жалақысы қымбат емес шабуылшыны іздеді. Бұл трансферді "Қайсардың" бас бапкері Владимир Никитенко мақұлдады. Бименьимана аптаның соңына дейін Қызылордаға келуі керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×