«Қайсар» бірден екі ойыншыны қатарға қосты

30.07.2020, 16:13
Ойын тәжірибесі болмаса, мұндай ойыншылардың қажеті де жоқ.
«Қайсар» бірден екі ойыншыны қатарға қосты

25 жастағы қорғаушы Тимур Рудосельский мен 26 жастағы қақпашы Александр Заруцкий "Қайсар" ойыншысы атанды.

Рудосельский 61-ші ойын нөмірін алды, ал Заруцкий 1-ші нөмірмен өнер көрсететін болады.

Тимур Рудосельский - Алматы футбол мектебінің түлегі. 2014 жылы Премьер-лигада «Қайратпен» алғашқы дебютін өткізді. Сонымен қатар «Жетісу», «Оқжетпес» және Израильдің «Хапоэль Петах-Тиква» клубтарында ойнады. Жалпы, Қазақстан чемпионатында ол 59 кездесу өткізіп, 1 гол соғып, 1 голдық пас берген.

Александр Заруцкий бұған дейін «Шахтер», «Қызыл Жар», «Атырау» командаларында ойнаған. Александрдың соңғы клубы - павлодарлық «Ертіс», онда 7 ойын өткізіп, 6 гол жіберіп алды. Жалпы, ол Премьер-лигада 19 ойын өткізіп, 25 гол жіберіп алған екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×