«Қайсар» екі футболшыны қатарға қосты

23.03.2022, 23:52
Қызылордалық клуб трансфер терезесінде белсенді жұмыс жасауда.
«Қайсар» екі футболшыны қатарға қосты

Қызылордалық «Қайсар» 32 жастағы қазақстандық қақпашы Никита Калмыков және 25 жастағы беларусь қорғаушысы Артем Дилевскиймен келісім-шартқа отырғанын хабарлады.

Павлодар футболының түлегі Никита Калмыков мансабын «Ертісте» бастады. «Қызыл-Жар» сапында да өнер көрсетті. Соңғы екі маусымды «Ақсу» клубында өткізді.

Ол Қазақстан Премьер-лигасында 51 матч өткізіп, 76 гол жіберіп алған.

Артем Дилевский - Минск футболының түлегі. Ол бұған дейін «Минск», «Лида» және «Белшина» командаларында ойнады. Беларусь бірінші лигасында 67 матч өткізіп, 7 гол соқты, 2 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×