«Қайсар» клубының ойыншысы мансабын Кипрде жалғастыруы мүмкін

09.09.2020, 17:34
Осы маусымда «Қайсардың» негізгі ойыншысы бола алмады
«Қайсар» клубының ойыншысы мансабын Кипрде жалғастыруы мүмкін

Қызылордалық «Қайсардың» жартылай қорғаушысы Магамед Парагульгов мансабын Кипр чемпионатында жалғастыруы мүмкін.

26 жастағы футболшы осы елдің клубтарының бірінен шақырту алды және мансабын шетелде жалғастыруды жоспарлап отыр. Парагульгов «Қайсардың» бапкерлер құрамымен және ойыншыларымен қоштасып үлгерді.

Магамед мансабын Семейдің «Спартак» клубында бастаған. Ол «Қайрат» пен «Ертіс» командаларында да ойнады. Өткен қыста Парагульгов «Қайсарға» ауысқан, бірақ командадағы негізгі ойыншыға айналған жоқ. Ол "Оле Бразил" академиясында оқыды.

2018 жылы Қазақстан құрамасында дебют жасап, екі жолдастық кездесу өткізе алды.

"Қайсар" 2019 жылы Қазақстан кубогын жеңіп алды және осы маусымда Еуропа лигасында дебют жасайды. 17 қыркүйекте «қасқырлар» өз алаңында Кипрдің АПОЭЛ командасын қабылдайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×