«Қайсар» мен «Оқжетпес» ұпай бөлісті

02.10.2020, 20:20
«Қайсар» мен «Оқжетпес» ұпай бөлісті

Қызылордалық "Қайсар" Премьер-лиганың 12-турында Көкшетаулық "Оқжетпесті" жеңе алмады. Алматыдағы Тимур Сегізбаев атындағы стадионда өткен кездесу 0-0 есебімен аяқталды.

Бұл матчта гол көрмегенімізбен, 5 сары қағаздың куәсі болдық. Ойынның 89-минутында төреші "Қайсар" қорғаушысы Ілияс Әмірсейітовты алаңнан қуды.

Стойчо Младенов шәкірттері бұл ойыннан кейін 16 ұпаймен жетінші орынды сақтап қалды. Кезекті ұпайына қол жеткізген "Оқжетпес" 7 ұпаймен соңғы орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×