«Қайсар» негізгі ойыншыларынан айырылды

16.11.2020, 03:32
Бір қызығы, Федин мен Колев соқпаған голды қорғаушы Марочкин соққан екен.
«Қайсар» негізгі ойыншыларынан айырылды

Қызылордалық «Қайсар» Премьер-лиганың соңғы бөлігін бірқатар жетекші ойыншыларсыз өткізеді.

Команда қорғаушылар Александр Марочкин мен Марк Гурманнан, жартылай қорғаушы Максим Фединнен, сондай-ақ болгар шабуылшысы Александр Колевтен айырылды. Марочкин мен Федин «Тобылға» тиесілі және олардың жалдау мерзімі аяқталды. «Қайсар» клубы жалдау мерзімін ұзартпады, өйткені клуб мұны жасау үшін белгілі бір мөлшерде қаражат жұмсауға мәжбүр болады.

Марк Гурман мен Александр Колевке келетін болсақ, олар қаржылық себептерге байланысты маусымды аяқтаудан бас тартты. Клуб барлық ойыншыларды командада қалып, қарашаның екінші жартысында ең төменгі жалақы бойынша чемпионатты аяқтауға шақырды.

Естеріңізге сала кетейік, ҚПЛ-дің осы маусымы 30 қарашада аяқталады. Барлық ойындар бір жерде - Алматы мен Талғар қалаларында өтеді.

Марочкин осы маусымда 16 кездесуге қатысып, бір гол соқты. Қазақстан ұлттық құрамасының тағы бір футболшысы Федин «қасқырлар» үшін 12 ойын өткізді және тиімді әрекеттермен көзге түспеді. Гурман 17 матч өткізіп, бір голдық пас берді. Колев лигадағы 13 ойында бірде-бір гол соққан жоқ.

18 турдан кейін «Қайсар» жетінші орында келе жатыр. Клуб Еуропа Лигасы іріктеуінде де ел намысын қорғады, бірақ алғашқы матчта олар Кипрлік АПОЭЛ командасынан жеңіліп, турнирден шығып қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×