"Қайсар" футбол клубы сегіз жас футболшымен келісім-шартқа отырғанын жариялады.
Қызылорда футбол мектебінің түлектері Олжас Алтаев, Абылайхан Төлегенов, Шоқан Абзалов, Нұрымжан Салайдын, Өркен Махан, Елжас Сарбай, Бекзат Құрманбекұлы, Аян Құлмағанбетовтер жаңа маусымда Сырдың бас командасы "Қайсардың" намысын қорғайды. Аталған футболшылар оқу-жаттығу жиынында бапкерлер құрамының көңілінен шығып, бас бапкер Сұлтан Әбілдаевтың оң бағасын алды.
Күні кеше қырғызстандық "Дордой" клубымен болған жолдастық кездесуде (6:3) Олжас Алтаев, Шоқан Абзалов, Өркен Махан мергендігімен көзге түскен еді.
"ҚАЙСАР" ФК баспасөз қызметі
Біздің серіктес: FONBET