Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан «Қайсар» алғашқы жолдастық матчын өткізіп, тең түсті.
Қызылордалықтардың бұл жолғы қарсыласы запарождық «Металлург» болған. Қос клуб та ойынды алма кезек шабуылдармен өткізіп, нәтижесінде 1:1 есебімен тең тарқасты. Дмитрий Огай шәкірттерінен көзге түскен – Сергей Скорых.
Енді «Қайсар» келесі жолдастық кездесуін 1 ақпанда армениялық «Уллиспен» өткізеді.