"Қайсар" Қазақстан Кубогінің соңғы турында оралдық "Ақжайықты" еш қиындықсыз жеңді. Қызылордадағы Ғаги Мұратбаев атындағы стадионда өткен матч 3:0 есебімен аяқталды.
Ойынның 24-минутында Арман Кеңесов екі ойыншыны алдап өтіп, қақпаның дәл ортасына соққы жасады. Степан Сикач қолына келген допты ұстай алмады. Ал 38-минутта Елдас Алтынбеков командасының екінші голын соқты. Ойынның нүктесін 85-минутта Кларенс Битанг қойды. Ол он бір метрлік айып добынан гол салды.
Осылайша, "Қайсар" С тобында 11 ұпай жинап, Қазақстан Кубогінің ширек финалына шықты. Ал "Ақжайықтың" тағдыры "Астананың" ертеңгі ойынына байланысты болмақ.
Біздің серіктес: FONBET