«Қайсар» Қазақстан жастар құрамасының ойыншысымен келісім-шартқа отырды

26.02.2021, 14:35
Кеңесов «Қайсардың» ОЖЖ-дағы барлық матчына қатысты.
«Қайсар» Қазақстан жастар құрамасының ойыншысымен келісім-шартқа отырды

Қазақстан жастар құрамасының ойыншысы Арман Кеңесов жыл соңына дейін қызылордалық "Қайсардың" намысын қорғайды.

20 жастағы Арман Кеңесов - Павлодар футбол мектебінің түлегі. Арман "Қайсарға" дейін "Ертіс" және "Ска Хабаровск" командасында доп тепкен. Клубтық мансабында 83 ойынға қатысып, 10 мәрте қарсылас қақпасын дәл көздеген.

Арман ФНЛ-дің осы маусымында 16 матчқа қатысып, 1 нәтижелі пас берді. Өткен жылы Қазақстан жастар құрамасында 2 матч өткізді.

"ҚАЙСАР" ФК баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×