«Қайсар» қазақстандық шабуылшымен келісім-шартты ұзартты

05.03.2021, 22:46
Елжас өткен жылы 4 матч өткізіп, бір гол соқты
«Қайсар» қазақстандық шабуылшымен келісім-шартты ұзартты

Қызылордалық "Қайсар" шабуылшысы Елжас Алтынбеков командамен келісім-шартын ұзартты.

Елжас - "Қайсар" клубының түлегі. 27 жастағы шабуылшы 2013 жылы Премьер-лигада дебюттік ойынын өткізген болатын. Содан бері "Қайсар" сапында 77 рет алаңға шығып, 11 мәрте қарсылас қақпасын дәл көздеген. Одан бөлек 3 маусым бойы талдықорғандық "Жетісудың" намысын қорғаған.

Алтынбеков өткен жылы "Қайсар" жейдесінде небәрі 4 матчқа қатысып, 1 голды өз еншісіне жазды.

"Қайсар" ФК баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×