«Қайсар» «Қызыл-Жар» шабуылшысын қатарға қосты

01.04.2022, 18:19
Беларусь шабуылшысы петропавлдық клубта небәрі алты минут ойнады.
«Қайсар» «Қызыл-Жар» шабуылшысын қатарға қосты

Қызылордалық «Қайсар» 26 жастағы беларусь шабуылшысы Кирилл Сидоренкомен келісім-шартқа отырғанын хабарлады.

Кирилл Сидоренко – Лужеснянск мектеп-интернатының және ПМЦ академиясының түлегі. Кәсіби мансабын 2013 жылы «Амкарда» бастады.

Беларусь шабуылшысы «Витебск», «Химик», «Смолевичи СТИ», «Локомотив», «Белшина», «Ислочь», «Белшина» сынды командалардың намысын қорғады. Кириллдің соңғы жылдарын «Днепр-Могилев» клубында өткізді (17 матч, 19 гол).

Ағымдағы жылдың қаңтар айында Сидоренко петропавлдық «Қызыл-Жарға» ауысты. Алайда ол клуб сапында бір ғана ойын өткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×